Ғаламторда көп отыратындарға насихат.
Білесіздер ме, қазір бір адам бір адамды оп оңай жерге таптап, кемсіте салатын интернет, ютуб деген нәрселер пайда болды. Ол жерлерде адамдар әйтеуір бір бірлері жайлы жазып жатады. Пайғамбарымыз ﷺ айтады: Қиямет күні бір ер адам келеді. Оның Ұхуд тауындай жақсы амалдары болады. Ұхуд тауындай деп тұр. Ұхуд тауының кандай үлкен екенін білесіз бе, 9 км. Бірақ әлгі адам басқалардың ақысына кірген еді. Ол біреулерді ғайбаттап, масқаралаған еді, хақысына кірген еді. Алла Тағала бұл адамның жақсы істерін алып, хақысына кірген адамдарға береді. Және де ол жерде ұзыннан ұзаққа созылған адамдар кезекте тұрады. Сөйтіп Алла Тағала оның бүкіл жақсы амалдарын таратып береді. Бір кезде оның амалдары таусылады. Бірақ кезекте тұрғандар әлі де болады. Олар өздерінің ақысын алу үшін күтіп тұрады. Содан кейін Алла Тағала олардың жаман істерін алып, әлгі адамның мойнына салады, ол тозақ отына құлағанша.
Бүгін мен осы айтылған хадисті түсініп отырмын. Сіздердің қазіргі кездегі жағдайларыңыз бұл. Біреулер жайлы әңгіме жазасыз. Бір тетікті баса салсаңыз бітті, ол жазбаны жүз мыңдаған адамдар оқиды. Сіз жүз мың адамның алдында ғайбат айтып, біреуді масқараладыңыз. Осыны Қиямет күні қалай түсіндіресіз? Өйткені менің "шейхым", "ұстазым" не көшедегі бір досым тура жолда жүрсің деп айтты деп түсіндіресіз бе???
Шейх Захир Махмуд уағызынан үзінді