🌸Мінез-құлық...
Халифа Мәмуннің сенімді серіктерінің бірі болған Абдулла ибн Таһир оның құзырында болған бір жайтты былай деп баяндайды.
«Халифа Мәмуннің құзырында отырған болатынбыз. Тағында отырған халифа: «Уа, қызметші!» деп қызметші шақырды. Алайда жауап қатқан пенде болмады. Халифа дауысын көтеріп қайта шақырды. Кенеттен тегі түрік қызметші ашуланып кіріп келіп: «Қызметші деген ішіп-жемейді ме екен?! Жаныңнан шығып кетсем болғаны: «Уа, қызметші!» деп айқайға басасың» деді аптығып. Мәмуннің басы салбырап кетті. Мұны бәрін көріп отырған Абдулла ибн Таһирдің халифаның мына дөрекі қызметшінің басын шаптыруға бұйрық беретіндігіне ешбір күмәні қалмады. Алайда халифа басын көтеріп: «Уа, Абдулла! Кісінің мінез-құлқы жақсарса, қызметшілерінің мінез-құлқы жаман болады. Ал кісінің мінез-құлқы жаман болса, қызметшілерінің мінез-құлқы жақсы болады. Алайда біз, Алланың атымен ант етейін, қызметшілеріміздің мінез-құлқын жақсарту үшін көркем мінез-құлқымызға нұқсан келтірмейміз» деген екен.
Біреуге бола, өз мінезіңізді бұзбаңыздар!