Иман әлсіздігінің белгілері: 1) Күнәларды еш ұялмастан жасау. 2) Жүректің қаттылығы, Құран оқуға деген ықылассыздық. 3) Жақсы амалдар жасаудағы жалқаулық (мысалы, намазды кешіктіріп оқу). 4) Сүннетті тәрк ету, елемеу. 5) Көңіл-күйдің құбылмалы болуы: болмашы нәрселерге қынжылу, жиі ашушаңдық және уайымға салыну. 6) Құран сүрелерін тыңдаған кезде ешқандай сезімде болмау, мысалы, азап аяттары келгенде қорқу немесе сүйінші аяттары келген кезде үміт ету. 7) Алланы еске алған кезде, зікір жасаған кезде ауыртпалық сезіну. 8) Әлдебір іс Шариғатқа сай болса іштей наразылық таныту (мысалы, әпке-қарындастарымыздың хиджаб киюі). 9) Қоғамда аыройлы болуды және байлықты қалау 10) Ашкөздік, сараңдық жасау, байлықтан айырылуды қаламау. 11) Басқаларға жақса амалдар жасауды үгіттеп, бірақ оны өзі жасамау. 12) Басқалардың ісі жүрмегенде іштей сүйсіну. 13) Макрух болған (жек көрілген) амалдарды елемеу. 14) Қарапайым қызмет істейтіндерді мазақ қылу, мысалы, еден жуушылар. 15) Мұсылмандардың жағдайына алаңдамау (мысалы, Таяу Шығыс елдеріндегі мұсылмандардың соғыстан көз ашпауы). 16) Ислам дінін таратуда жауапкершіліктің болмауы, дінді тек имамдар тарату керек деп түсіну. 17) Талас-тартысты жақсы көру. 18) Дүниені жақсы көру, байлықтан айырылған кезде өкіну. 19) Өз басын ойлау. 20) Ән айтуға не тыңдауға құмарту